KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
495.1 583.72 6.46

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

Фото: depositphotos.com

21.05.2024, 13:07 295 Ержан Әбіш

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 237,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 399 теңге болған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 729 теңге, базалық зейнетақы – 42 670 теңге, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 372 мың адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу