Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қанша?
Елімізде жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады.
1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 297 мың зейнеткер тұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, оның 337,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 761,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды", дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Айта кету керек, елімізде орташа зейнетақы мөлшері 120 686 теңгені құраса, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, ал базалық зейнетақы – 37 835 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып жеке тағайындалады.
Оқи отырыңыз