2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 320 мың адам.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді.\
"Оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды", - дейді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.