KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда дәл қазір орташа зейнетақы қанша?

сурет: ortcom.kz

26.03.2024, 09:35 128 Оразай Жеңісұлы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 миллиард теңге жұмсалған.

"2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңге болған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 354 мың адам.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатыны айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу