Зейнетақының орташа мөлшері аталды
сурет ашық дереккөзден алынды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды", – делінген хабарламада.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миилион 312 мың адам.
"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге".