Париж-2024: жүлдегерлер қанша сыйақы алады?

olympics.com
Туризм және спорт министрлігі Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін ақшалай сыйақы көлемін атады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрліктің хабарлауынша, төртжылдық додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері өзгерген жоқ. Сонымен алтын медаль иегеріне - 250 000 АҚШ доллары, күміс медаль иегеріне - 150 000, қола медаль иегеріне 75 000 доллар беріледі.
Бұдан бөлек төртінші орынға - 30 мың, бесінші орынға - 10 мың және алтыншы орынға 5 мың доллар көлемінде ықшалай ынталандыру сыйлығы қарастырылған.
Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшылардың ішінде былғары қолғап шеберлерінің сыйақысы өзгелерден көбірек болатынын айта кету керек. Боксшылар негізгі сыйақының үстінен мамандандырылған федерациядан қосымша ақшалай сыйлық алады. Айталық, Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық боксшыға шамамен 470 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілуі мүмкін.
Сонымен қатар Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары мемлекет тарапынан баспана да берілуі мүмкін.