KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Қытай көліктерінің негізгі кемшіліктері аталды

Фото: depositphotos.com

7.08.2024, 14:03 47 Ержан Әбіш

Ресейлік-қытайлық RusTransChina көлік компаниясының негізін қалаушы Александр Стрельников «Lenta.ru»-ге қытай автомобильдерінің негізгі кемшіліктерін атады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Біріншіден, прогреске қарамастан, көптеген қытайлық маркаларда құрастыру сапасы нашар, арзан материалдарды қолдану проблемалары әлі де бар, деп хабарлады сарапшы. Бұл көліктің сенімділігі мен ұзаққа жарамдылығына әсер етуі мүмкін.

Екіншіден, қытайлық автомобильдердің лак-бояу қаптамасы мен шанақты жемірілуге қарсы өңдеуі әрдайым жақсы бола бермейді. Бұл тоттың пайда болуына әкелуі мүмкін, бұл әсіресе қысы қатты аймақтарға қатысты.

Сонымен қатар қытайлық брендтер салыстырмалы түрде жаңадан шығуына байланысты түпнұсқа бөлшектердің ассортименті әзірге шектеулі және олардың бағасы жоғары болуы мүмкін, бұл жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді қиындатады.

Тағы бір кемшілік, маманның айтуынша, жетілдіруді қажет ететін заманауи электронды жүйелер мен жүргізуші көмекшілеріне қатысты. Өйткені, олардың жұмысы әрдайым мінсіз бола бермейді.

Сарапшы қытай автомобильдерінің көптеген кемшіліктері еңсеруге келетінін және көліктері тез дамып келе жатқанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив