KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» байқауы басталады

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

16.09.2024, 16:20 73 Айжанат Бақытқызы

Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше,  байқау алғаш рет «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған. 

Мақсаты – педагогикалық шеберлікті жетілдіру және сынып жетекшілерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру.

Байқауға барлық орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатыса алады. Ол үш кезеңде өтеді:

I кезең (аудандық) - 2024 жылғы 17-18 қыркүйек;

II кезең (облыстық) - 2024 жылғы 24-25 қыркүйек;

Республикалық кезең 2024 жылғы қараша айында Астана қаласында өтеді.

Байқаудың әр кезеңінде қатысушыларға бейнеролик форматында шығармашылық сынып сағатын көрсету, ата-аналармен өзара іс-қимыл жүйесін ұсыну, өзін-өзі таныстыру, өз жобаларын қорғай отырып, педагогикалық қызметте әртүрлі жағдайларға талдау жасау талаптары қойылады.

Қорытынды жұмыстар білім беру саласындағы сарапшылар тарапынан педагогтердің кәсіби және қоғамдық қызметі негізінде бағаланатын болады. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады, ал бас жүлдегерге ведомстволық награда тапсырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив