KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Қазақстан ұлттық құрамасы математикадан Балқан олимпиадасына қатысады

Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

25.06.2024, 17:10 124 Айжанат Бақытқызы

Қазақстандық оқушылар математикадан JBMO-2024  Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасына қатысады. Биыл олимпиада 25-30 маусым аралығында Анталья қаласында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еліміздің ұлттық командасында алты жас математик бар, олардың барлығы 2024 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

  • Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;
  • Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Сұлтанәли Алиасқар — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
  • Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Эрик Лим — Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі:

  • Антон Николаевич Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.

Анықтама үшін: Математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы - Балқан түбегі елдерінің оқушыларына арналған байқау. Қазақстан олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу