Биыл мектептерде соңғы қоңырау соғылмайды
pexels.com
24 мамырда барлық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады. Дәстүрлі түрде бірыңғай сынып сағаты аясында сынып жетекшілері оқушыларымен бірге өткен оқу жылының қорытындысын шығарады.
- Елімізде су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының ұсынысын ескере отырып, 2024 жылғы 24 мамырдағы оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде Бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы шешім қабылданды. Аттестаттар тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау/ емтихандар аяқталғаннан кейін/ 12-15 маусым аралығында өтеді, - деді Мереке Амангелдіқызы.
Оқи отырыңыз