KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Ауыл оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиадаға тіркелу ашылды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

9.09.2024, 14:10 87 Айжанат Бақытқызы

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші Республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары қатысады.

Зияткерлік жарыс төрт кезеңнен тұрады:

I кезең (іріктеу) – 2024 жылдың қыркүйегі;

II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;

III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;

IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.

Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.

Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер auyl.daryn.kz сайтында тіркелуі қажет.

Айта кетейік, олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша ауыл оқушыларының жүлделі орындарға ие болу көрсеткіші 8 есеге артқан.

Олимпиада барысында ауыл мектептерінің оқушыларына толық қолдау көрсетіліп, олар алдағы зияткерлік жарыстарға дайындалу үшін республикалық «Дарын» мектебіне сырттай қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив