KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Қазақстанда дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе артты

Фото: ҚР денсаулық сақтау министрлігі

30.09.2024, 13:00 1 135 Айжанат Бақытқызы

Балалар денсаулығын сақтаудағы басты жетістіктердің бірі неонатологиядағы жоғары мамандандырылған көмекті дамыту, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 «Неонаталдық хирургияның дамуымен және осы технологиялардың өңірлерге ауысуымен туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86%-ды құрады. Орташа алғанда, жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте жедел ем алады, оның 40%-ы эндовидеохирургия әдісімен операция жасалады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тиімді перинаталдық технологияларды енгізудің, жаңа туған нәрестелердің реанимациясын дамытудың арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе артты.

 Қазақстан туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. Жылына орта есеппен 2000-ға дейін ашық жүрекке операция, туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға, оның ішінде 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалады.

 Елімізде балалар онкологтары мен гематологтарының динамикалық байқауында қатерлі ісіктердің ремиссиясындағы 4 мыңға жуық бала бақыланады, жылына балаларда 600-ге дейін қатерлі ісік анықталады.

 «Терапия әдістері жетілдірілуде, молекулалық-генетикалық диагностика енгізілуде, ағзаны сақтайтын операциялар жүргізілуде, соңғы 10 жылдың ішінде елімізде гемопоэздік дің жасушаларын, оның ішінде шетелдік донорлармен туыс емес 452 трансплантаттау жасалды»,-деп хабарлайды ведомство.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив