KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1 м/с, В
477.13 525.85 5.24

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты

көрнекілік сурет: depositphotos.com

10.07.2024, 14:04 109 Айна Ескенқызы

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Президентке қазіргі уақытта қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 жастан асқанын баяндады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kazakh_inform телеграмм арнасына сілтеме жасап.

– Бүгінде өмір сүру ұзақтығы 75 жылдан асты. Жыл басынан бері 21 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштері төмендеді. Вакцинация және алдын алу шараларын жүргізу жұмыстары жалғасуда, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Президент бөлінетін қаражаттың, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив