KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда жылына жаңа туған 2000-ға жуық баланың жүрегіне ашық ота жасалады

pixabay.com

Бүгін, 21:00 0 Назерке Каримова

Қазақстан Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратынша, жылына орта есеппен 2000-ға дейін ашық жүрекке операция, туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға, оның ішінде 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Балалар денсаулығын сақтаудағы басты жетістіктердің бірі неонатологиядағы жоғары мамандандырылған көмекті дамыту болып табылады.

- Неонаталдық хирургияның дамуымен және осы технологиялардың өңірлерге ауысуымен туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86%-ды құрады. Орташа алғанда, жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте жедел ем алады, оның 40%-ы эндовидеохирургия әдісімен операция жасалады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.


Тиімді перинаталдық технологияларды енгізудің, жаңа туған нәрестелердің реанимациясын дамытудың арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе артты.

Елімізде балалар онкологтары мен гематологтарының динамикалық байқауында қатерлі ісіктердің ремиссиясындағы 4 мыңға жуық бала бақыланады, жылына балаларда 600-ге жуық қатерлі ісік анықталады.

Терапия әдістері жетілдірілуде, молекулалық-генетикалық диагностика енгізілуде, ағзаны сақтайтын операциялар жүргізілуде, соңғы 10 жылдың ішінде елімізде гемопоэздік дің жасушаларын, оның ішінде шетелдік донорлардың көмегімен 452 трансплантаттау жасалды.

Республикада туа біткен даму кемістігі бар балаларды емдеуге арналған 17 ерте араласу орталығы ашылды және жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив