KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да ең төменгі күнкөріс деңгейі артты

25.07.2020, 04:55 218

Шығыс Қазақстан облысының маусым айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда өскені байқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі дегеніміз – тұтыну қорының құнын ескере отырып, өмірді қамтамасыз ету үшін қажетті сома. Басқаша айтқанда бір ай өмір сүруге жететін ақша мөлшері. Оны мемлекет өмір сүру деңгейін бағалау және ең төменгі жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны белгілеу мақсатында жыл сайын есептейді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ШҚО бойынша статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі артты. Аймақтың бір орташа статистикалық тұрғынына шаққанда табыстың төменгі шегі 34154 теңгеге тең болды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу