KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
499.22 519.14 5.64

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

4.11.2024, 20:00 220 Төлеуғазы Жансая

Қазақстандық спортшылардың өткен аптада халықаралық аренадағы жетістіктері ел мерейін үстем етті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

  • Әуесқой бокс: Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 17 медаль (6 алтын, 1 күміс, 10 қола) жеңіп алды.

  • Күрес: Албанияның Тирана қаласындағы әлем чемпионатында (олимпиадалық емес салмақтарда) Қазақстан құрамасының палуандары 1 алтын және 2 күміс медаль еншіледі. Еркін күресте Нұрқожа Қайпанов (70 кг) алтын жүлдегер атанса, грек-рим күресінен Ержет Жарлықасын (63 кг) және әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова (72 кг) күміс жүлдеге ие болды.

  • Таэквондо: Қатар астанасы Дохада өткен халықаралық турнирде Қазақстанның ересектер құрамасы 8 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль иеленді. Сондай-ақ, кадеттер құрамасы 5 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль ұтып алды.

  • Шайбалы хоккей: Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Жерлестеріміз үшінші орын үшін Оңтүстік Корея командасын жеңді.

  • Үстел теннисі: Словакияның Сенец қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде Жания Бекмұхамбетова 11 жасқа дейінгі балалар арасында жеңімпаз атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу