Қазақстандық палуан әлем чемпионы атанды
ҚР Туризм және спорт министрлігінен
Тиранда өткен еркін күрестен қазақстандық Нұрқожа Қайпанов алтын қанжығалады.
Нұрқожа финалда жапондық Ешиносуке Аоягиден 3-5 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Спортшымыз дәл осы салмақта 5 жыл бұрын елімізде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.
Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдылықпен жеңген.
Айта кетейік, Албанияның бас қаласынла Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.