KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

Қазақстан жалпы медальдар кестесінде қай орында тұр?

Фото: ХОК баспасөз қызметі

5.08.2024, 09:07 131 Ләззат Қанатқызы

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 29-орында келеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі жалпы медальдар кестесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 29-орынға жайғасты. Ал, жалпы медальдар саны бойынша АҚШ құрамасы көш басына шықты. Олардың еншісінде 19 алтын, 26 күміс, 26 қола медаль бар. 

Ал екінші орында Қытай құрамасы келе жатыр. Олардың еншісінде де 19 алтын, 15 күміс, 11 қола медаль бар. Ал үздік үштікті 12 алтын, 14 күміс, 18 қола жүлдемен Олимпиада қожайындары Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Бүгін Париж Олимпиадасында 1 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медаль алған елдер саны 61-ге жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу