KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Айбар Мұқашев ел қоржынына қола медаль салды

2.08.2019, 05:50 196

Қытайлық Тайбэйде дзюдодан өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында жүлдегерлердің қатарынан шығысқазақстандық татами шебері де көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алты күнге созылған құрлықтық біріншілікке ел құрамасы сапында жерлесіміз Айбар Мұқашев те қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбар қола жүлде иегері атанды.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде Азияның 21 елінен келген 170-тен астам дзюдошы бақ сынады. Додада бір алтын, үш күміс және тоғыз қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға жайғасты. Ал жарыс жеңімпаздары болып алты алтын, бір күміс және үш қола медаль иеленген Жапония жастары танылды. Одан кейінгі орынға Оңтүстік Корея құрамасы үш алтын, бір күміс, алты қола тұрақтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив