KZ
Өскемен
-33°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
510.43 594.86 6.49

Мектептерде стоматологиялық кабинеттер кезең-кезеңімен ашылады

depositphotos.com

19.08.2025, 12:00 839 Жанаргүл Көкенайқызы

Денсаулық сақтау министрлігінде өткен кеңесте жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Жиында мектептерде оқушыларға медициналық көмекті ұйымдастыру, санитариялық жағдай, медициналық пункттердің жарақтандырылуы мен кадр тапшылығы сөз болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Министр Ақмарал Әлназарова оқушылар арасында жиі кездесетін ауруларға назар аударып, әсіресе тісжегі мен анемия профилактикасына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

– «Оқушыларға медициналық көмекті ұйымдастыруды күшейту, кадрлармен қамтамасыз ету, мектеп мейіргерлерінің біліктілігін арттыру және медициналық пункттердің материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Әрбір мектеп пункті аумақтық қағидат бойынша емханаға бекітілген. Балаларға сапалы медициналық көмек көрсету үшін қаржы да жеткілікті бөлінеді», – деді министр.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жаңа тамақтану стандарты енгізіледі. Ол теңгерімді әрі толыққанды тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, балалар арасында стоматологиялық аурулардың алдын алу үшін жалпы білім беретін мектептерде кезең-кезеңімен стоматологиялық кабинеттер ашылады. Бұл қадам алғашқы стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға, ауыз қуысы гигиенасын сақтауға және уақтылы ем жасауға мүмкіндік бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу