KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

COVID-19: ШҚО-дағы білім беру нысандары жаңа оқу жылына дайын ба?

24.08.2021, 14:51 176

Шығыс Қазақстан облысында барлығы 647 жалпы білім беретін мектеп бар, онда шамамен 200 мыңға жуық оқушы білім алады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл мектептерде оқу процесі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды және күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып ұйымдастырылатын болады.

Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуына орай білім беру нысандарын дайындау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда:

 - облыстың барлық мектептері байланыссыз термометрлермен, бактерицидті шамдармен, санитайзерлермен, дезинфекциялық кілемшелермен, маскалармен, дезинфекциялық және сабын-жуу құралдарымен толық қамтамасыз етілген;

- облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» қосымшасы 100% енгізілген;

- білім беру ұйымдарында 29 562 педагог вакцина алды, оның ішінде – 21 251 мектеп педагогы.

 

- Барлық білім беру нысандарында балалардың қауіпсіз болуы, оқуы және жеке гигиенаны сақтауы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қол жуғыштар санитайзерлермен, сұйық сабын мөлшерлегіштерімен, электрлік немесе бір рет қолданылатын гигиеналық сүлгілермен жабдықталған. Білім беру объектілерінің кабинеттер жиынтығы, ішкі әрлеуі, санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық жай-күйі жалпы білім беретін 2 мектепті (Күршім ауданындағы) қоспағанда, санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келеді, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. 

 

543 (83,9%) мектепте және барлық мектеп-интернаттарда медициналық кабинеттер қарастырылған. Медициналық кабинеттер жоқ ауыл мектептерінің оқушыларына медициналық пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді.

-  ШҚО СЭБД аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары ШҚО білім басқармасы құрған комиссия құрамында сарапшылар, консультанттар ретінде қатысты. Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сүйене отырып, тексеру нәтижелері бойынша облыстың білім беру объектілері жаңа оқу жылына дайын, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу