KZ
Өскемен
-30°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
518.39 603.09 6.68

«Салауатты жаз – 2025»: Балаларға арналған денсаулық науқаны ел бойынша өтіп жатыр

Фото: pexels.com

26.06.2025, 14:00 305 Гульжан Мусина

Елімізде балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған «Салауатты жаз – 2025»  профилактикалық науқан өтіп жатыр. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің жыл сайынғы бастамасы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Науқан аясында еліміздің түрлі аймақтарында балаларға арналған медициналық тексерулер, денсаулық сақтау туралы түсіндіру жұмыстары, дәрігерлер мен мектеп мейірбикелерін оқыту шаралары жүргізілуде.

Ауыл-аймақты аралап жүрген жылжымалы медициналық кешендер жұмысын бастап кетті. Онда педиатр, көз дәрігері, тіс дәрігері, хирург сынды түрлі мамандар балаларды тексеріп, қажет болған жағдайда кеңес беріп жатыр. Негізгі кезеңде тексеруден өтпей қалған балалар үшін қосымша қараулар жоспарланған. Еліміздің емханаларында «Ашық есік күндері» мен «Өз денсаулығыңды тексер» акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып жатыр.

Созылмалы аурулары бар балаларға ерекше көңіл бөлінуде – олар үшін сауықтыру мен медициналық бақылау шаралары қарастырылған.

Сонымен қатар, ата-аналар мен балаларға инфекциялық аурулардың алдын алу, қауіпсіздік ережелері және психоэмоционалды саулық туралы бейнероликтер мен жадынамалар дайындалуда. Бұл материалдар мектеп жанындағы лагерьлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарауда.

Ал тамыз айында жаңа оқу жылына дайындық басталғанда, мектеп мейірбикелері алғашқы көмек көрсету, тамақтану және балаларға психологиялық қолдау көрсету бойынша оқудан өтеді. Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды бұл науқанға белсенді қатысып, жазды балалар үшін қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу