KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, В
508.3 592.17 6.63

Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

stock.adobe.com
stock.adobe.com
8.09.2025, 11:40 376 Төлеуғазы Жансая

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа министрлік құрылатынын мәлімдеді. Ол қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізінде жасақталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа орган жасанды интеллектіні дамытуға және оны өмірдің барлық саласына жедел енгізуге серпін береді. Сонымен қатар басқару тиімділігін арттырып, Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыруға ықпал етпек.

Министрлікті вице-премьер деңгейіндегі маман басқарады. Алдағы үш жылда Қазақстанның басты мақсаты – толыққанды цифрлық мемлекетке қадам басу. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – Цифрлық кодексті қабылдау болмақ.

Сонымен бірге Президент Заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауын өзгерту туралы бастама көтерді. Ол жаңа органды Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп атауды ұсынды.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновке 10 күн ішінде инвестицияға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Бізге жаңа ұстаным қажет. Қалай болса да, тікелей инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ көзге оттай басылатын нәрсе. Елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-министр 10 күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу