KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Фото: assets.aten.com

4.05.2024, 13:52 204 Ержан Әбіш

Үкімет «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

– Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылсын, – делінген құжатта.

Ведомствоның функцияларына жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласында нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеу және іске асыру, жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту, жасанды интеллектті дамыту бөлігінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісу енді.

Бұл ретте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті таратылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу