Ауылдағы архив мамандарының жалақысы 25% өседі
pexels.com
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Онда архив мамандарының жалақысы бойынша жаңа нормалар көзделген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта архив мамандарының ең төменгі жалақысы 160 мың теңге шамасында, ортақ жалақы — 260 мың теңге.
Бұдан басқа, заң жобасында архивтерде сақталатын азаматтардың дербес деректері мен жеке ақпаратын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік архивтердің функциялары бекітілген.