KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Енді кеншілерге қосымша төлем төленеді

фото: zakon.kz

14.12.2023, 16:44 157 Қызырбек Дүргінбайұлы

Кеншілерге қосымша төлем төленетіні туралы заң қабылданды.

Сенат депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.

– Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша түзетулер енгізілді. Бұл төлем еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады, –  деп таныстырды заңды сенатор Әсем Рахметова.

Төлемдер нақты белгіленген мөлшер негізінде берілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу