9 маусым – Халықаралық архивтер күні
pixabay.com
Елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив бар.
Республика бойынша архивтерде 3368 адам қызмет етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Бұл кәсіби мерекені 2007 жылы қарашада Квебек қаласында өткен Бас ассамблеяда Халықаралық архив кеңесі (International Council on Archives, ICA) ресми түрде бекітті.
Мерекенің датасы кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1948 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен Халықаралық архив кеңесі құрылды. Бұл ұйымның құрылған күніне орай Халықаралық архив күні бекітілді. Ал 2008 жылы алғаш рет мереке тойланған кезде ХАК-тің құрылғанына 60 жыл толды.
Әр мемлекеттің архив саласына қатысты мерекесі түрлі даталарға белгіленгенмен, бұл күн әлемдегі барлық архившілердің басын біріктіреді.
Архив қоры жыл сайын орта есеппен 16 мыңнан астам ұйымнан 300-400 мың іспен толықтырылады.
Қазіргі таңда ҚР Ұлттық архив қорында 27,5 млн-нан астам құжат сақталады.
Архив халықтың деректі жадының сақтаушысы ретінде елдің зияткерлік меншігі мен мәдени игілігінің тұтастығымен сақталуын қамтамасыз етеді.