Өсімдік майларының өндірісі 23,9%-ға артты
2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында Қазақстанда 521,2 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz.
Саладағы оң динамика тек өндіріс көлемінде ғана емес, экспорт көрсеткіштерінде де байқалды. Аталған кезеңде өсімдік майының экспорты 37,7%-ға артты. Қазақстандық май өнімдерінің негізгі импорттаушылары – ТМД елдері.
Ішкі нарықтағы сату көлемі де өсім көрсетті. 2025 жылдың алғашқы 7 айында ел ішінде 193,1 мың тонна өсімдік майы сатылып, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға артық болды.
Ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бұл өсім елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетін арттыруға оң әсерін тигізуде.