Депутат мәдениет басқармасының жұмысын сынға алды – ШҚО
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің, сондай-ақ Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша аймақтық кеңестің бірлескен отырысы өтті.
Отырыста білім саласындағы мәселелер жіті талқыланды. Атап айтсақ, мектеп пен колледж оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Мәдениет басқармасының, қалалық, аудандық мәдениет бөлімдерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруына байланысты да кеңес мүшелері бірқатар ұсыныс айтты.
Кеңес мүшелері кохлеарлы импланты бар балаларды оңалту мәселесін де көтерді, осы бағыттағы денсаулық сақтау басқармасының есебін тыңдап, ой-пікірлерін білдірді.
Автор: Ержан Кеңесұлы