KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Есту қабілеті төмен балаларды оңалту мәселесі көтерілді – ШҚО

7.04.2023, 09:40 429 Оразай Жеңісұлы

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесте оқушылар арасындағы құқық бұзушылық мәселесі талқыланды.

Іс-шараға білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша аймақтық кеңес өкілдері қатысты.

– Облыстық білім басқармасы жүйелі негізде кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты буллингтің, зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда. Жалпы және орта білім беретін ұйымдарда жасөспірімдердің ата-аналарын шақыра отырып алдын алу кеңестері өткізіледі. Сонымен қатар мектеп психологтары әр баланың мінез-құлқына, көңіл-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіп отырады, – деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Кеңес мүшелері облыстық мәдениет басқармасының, қалалық және аудандық мәдениет бөлімдерінің 2023 жылға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруына қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды шығармашылық тұрғыда қолдау және мәдени шараларды ұйымдастыру бағытындағы басқарманың жұмысы өте әлсіз деуге болады. Біз ол азаматтарды қоғамнан оқшауламай, барынша шығармашылық тұрғыда қолдауымыз қажет. Басқарма осы бағыттағы жұмыстарды жандандырса, – деді облыстық мәслихат депутаты Илья Смоляков.

 Кеңес мүшелері кохлеарлы импланты бар балаларды оңалту мәселесін де көтеріп, денсаулық сақтау басқармасының осы бағытта атқарып жатқан жұмысы бойынша да басқарма өкілінің есебін тыңдап, өз ой-пікірлерін білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу