«Былғары доп»: облыстық лига қорытыланды
Фото: gov.kz
10-14 сәуір аралығында Өскемендегі «Алтай» стадионында ұлдар мен қыздар арасында футболдан «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарыс оқушыларды денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға баулу және жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Додаға аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінде жеңіп шыққан 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Қорытынды бойынша ұлдар арасында 1-орынды облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің командасы (Өскемен қаласы), 2-орынды №19 мектеп-қосымша білім беру орталығының командасы (Өскемен қаласы) алса, 3-орын жүлдесін Өскемен қаласындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің командасы иеленді.
Ал қыздар арасында 1-орын Таврия орта мектебінің командасына (Ұлан ауданы), 2-орын облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің командасына (Өскемен қаласы), 3-орын Чапаев орта мектебінің командасына (Алтай ауданы) бұйырды.
I, II және III орын алған құрамалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальмен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.