KZ
Өскемен
+32°
переменная облачность жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Оқушы қыздар арасында волейболдан жарыс өтті – ШҚО

17.04.2023, 11:38 604

15-16 сәуір аралығында Глубокое ауданында волейболдан облыстық жарыс өтті. Жарыс 2009-2011 жылы туған қыздар арасында ұйымдастырылған. 
Спорт сайысына бірнеше аудандық және қалалық команда қатысып, тартыс қызу өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Жарысқа Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Катонқарағай және Күршім аудандары, Жаңа Бұқтырма ауылы жасөспірімдер спорт мектептерінің командалары, «Алтай» волейбол клубы және Глубокое спорт мектебінің 2 командасы қатысты. 
Дода қорытындысы бойынша 1-ші орынды Глубокое ауданының құрамасы, 2-ші орынды Алтай волейбол клубы (Өскемен) алса, 3-орын Катонқарағай ауданының командасына бұйырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив