Сүт өңдеу ісі 2015 жылдан бастап 29-дан 87%-ға дейін ұлғайды – ШҚО
2020 жылы ШҚО-да ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 33,4 млрд. теңге,оның ішінде 30,1 млрд. теңге субсидия бағытталды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 116%-ға артып, 686 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 121,5% өсіммен 37 млрд. теңгеден асты.
Атап айтқанда оның ішінде 5 сүт қабылдау пункті құрылды. 1050 басқа арналған 4 тауарлы-сүт фермасы салынды және 150 басқа арналған 3 ферма қайта жаңартылды.
- Салынған инвестициялар 2015-2020 жылдар ішінде халықтан сүт сатып алуды ақшалай баламада 18 есеге, ал заттай көріністе 8 есеге (7,5 мың тоннадан 57,2 мың тоннаға дейін) ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын жүктеу 2015 жылдан бастап 29-дан 87%-ға дейін ұлғайды.