KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ауыл халқына шағын несиелер беріледі - ШҚО

30.12.2022, 18:15 852 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда 2023 жылы жеке кәсіпкерлікті несиелендіру жоспарланып отыр.

ШҚО-да 2023-2025 жылдары Жамбыл облысының тәжірибесін масштабтау үшін ауыл халқының табысын арттыру бойынша ауыл халқына шағын несиелер беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл жоба мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы бағыттары бойынша жеке кәсіпкерлікті несиелендіруді және өз бизнесін дамытуды көздейді. Бағдарламаны іске асыру үшін 2023 жылы 755,0 млн теңге, 2024 жылы - 434,4 млн теңге, 2025 жылы – 213,1 млн теңге қарастырылған.

Жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің оң серпіні сақталған екен.

- Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 487,9 млрд теңгені құрады. НКИ – 100,5% құрады. Тірі салмақтағы ет өндірісі 11,4% - ға, сүт өндірісі 2,6% - ға артты, - деді әкімнің орынбасары.

Мал басы 103,8% - ға, жылқы 109,0% - ға, қой мен ешкі  103,3% - ға, құст 160,7% - ға ұлғайған. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 46 сүт-тауар фермасында 80,9 мың тонна сүт өндіріліпті.

"Ағымдағы жылы облыс бойынша 36,0 млрд теңгеге АӨК-нің 9 ірі инвестициялық жобасы іске асырылды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 62,7 млрд теңгеге жетті", - деп толықтырды спикер.
 


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу