KZ
Өскемен
небольшой снег Штиль
494.87 520.65 4.91

Ауыл шаруашылығына 23,7 млрд теңге субсидия бөлінді – ШҚО

Фото: Шартты сурет

20.04.2023, 21:27 408

2022 жылы бюджеттік субсидиялау бағдарламалары аясында облыстағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 23,7 млрд теңге субсидия төленген.
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықовтың айтуынша, өткен жылы осы саладағы тауар өндірушілерге 19,5 млрд теңге несие берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Былтыр бюджеттік субсидиялау бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 23,7 млрд теңге субсидия төленген. Субсидия өсімдік және мал шаруашылықтарын дамытуға, қайта өңдеу өнеркәсібіне және тағы басқа салаларға бөлініп отыр. 

–    Өсімдік шаруашылығын дамытуға 3,9 млрд теңге, мал шаруашылығын дамытуға 4,3 млрд теңге, инвестициялық субсидиялауға 9,5 млрд теңге, қайта өңдеу саласына 0,54 млрд теңге, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 5,4 млрд теңге, басқа бағыттарға 0,09 млрд теңге бөлінді, – деді Рамиль Сағандықов.

Сонымен қатар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО бойынша филиалының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 19,5 млрд теңге көлемінде несие берген. Ал «Қазагроқаржы» АҚ филиалы лизинг бойынша 5,2 млрд теңге көлеміндегі 244 ауыл шаруашылығы техникасын табыстады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу