KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО аумағында жазғы демалыс кезеңіне 19 лагерь есепке алынды

30.05.2023, 18:06 300

Жазғы демалыстың басталуына орай ШҚО ТЖД қызметкерлері демалыс орындарын, яғни балалар лагерьлерін тексеріп жатыр.

Облыс аумағында жазғы демалыс кезеңіне 19 лагерь есепке алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ТЖД МӨББ бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыста балаларды сауықтыру лагерьлерінің жұмысына арналған ведомствоаралық комиссия құрылған. Бүгінгі таңда 14 лагерьде тексеру жүргізіліп, өртке қарсы дайындыққа қатысты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар мамандар су жағасындағы демалыс орындарында қауіпсіздік ережелері талаптарының орындалмайтыны туралы айтты.

Құтқарушылар суға батқан адамды құтқару және алғашқы медициналық көмек тәсілдерін көрсетті. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив