KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, ОБ
447.25 485.18 4.96

Биыл 242 шақырым жолды жөндеуге қаржы бөлінеді – ШҚО

Фото: egemen.kz

9.08.2023, 14:47 362

Келер жыл облыста "Жол жылы" деп жариялануы ықтимал. Биыл облыстық маңызы бар 242 шақырым жолды қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру жоспарланған.

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев облыс ардагерлерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір облыстағы, оның ішінде барлық аудан, қалалардағы жолдардың жай-күйі туралы нақты мәлімет жинақталып, зерттеліп жатыр. Осы деректер негізінде басымдық берілетін бағыттар белгіленіп, жүйелі түрде қалыпқа келтіру жұмыстары басталады.

Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу кеңірек жоспарлауды, республикалық бюджетті ескеруді талап етеді. Алайда осындай жолдарды жөндеуге қажетті барлық мүмкіндік қарастырылады.

                        

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив