KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Зайсанда 85 тонна шөп өртенді

Фото: gov.kz

9.10.2023, 14:30 166

Зайсан ауданындағы екі ауылда шөп өртенді.

Жарсу ауылында тұрғын үйдің ауласындағы 30 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлерімен қатар, жергілікті атқарушы органның 15 қызметкері жұмылдырылды. Өртті сөндіруге трактор қолданылған. ШҚО ТЖД болжамына сүйенсек, өрттің шығуына балалардың әрекеті себеп болуы мүмкін.

8 қазан күні Қарабұлақ ауылдық округіндегі "Централь" учаскесінде 85 тонна шөп өртенді. Болжам бойынша, жалын өрт қауіпсіздігін орындамағандықтан тұтанған болуы мүмкін. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері, «Тарбағатай Мұнай» кәсіпорнының мамандары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Өртті сөндіруге барлығы 16 адам қатысып, 7 техника қолданылды.

5 қазан күні Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылында ашық аумақтағы қоқыс пен шөп өртеніп кетті. Өрт 30 шаршы метрге тараған.

– Жем-шөпті дайындап, сақтайтын орындарда отпен жұмыс істеу кезінде абай болу қажет. Сіріңке немесе темекі тұқылы орны толмас апаттың себебі болуы мүмкін. Шөп санаулы минут ішінде  тез тұтанады. Оны сөндіру өте қиын, – дейді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.  


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу