KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

ЖИТС-ті анықтайтын экспресс-тестті онлайн тапсырыспен алуға болады

1.12.2023, 13:22 157 Айна Ескенқызы

1-ші желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні  деп белгіленген. Осыған орай жыл сайын онкүндік өтеді. Биылғы онкүндіктің ұраны – «Қоғамдастыққа көшбасшылық».

 

Бүгінгі таңда адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) жыныстық  жолмен жұғуы алдыңғы орынға шыққан. Облыста осы кеселді жүұтырғандардың 60 пайызы жыныстық қатынас арқылы, 37 пайызы инъекциялық есірткі арқылы жұқтырған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Марина Жеголко айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Бас дәрігердің айтуынша, қазір иммун тапшылығы вирусына тексерілудің заманауи жолдары көп. Соның ішінде экспресс-тестпен зерттеу тұрғындар арасында  сұранысқа ие. Емханаларға баруға жүрексінетіндерге өз беттерімен тест тапсыруына болады.

 

- Қазір біз АИТВ-инфекциясын ерте анықтау үшін 4-ші буын тест жүйелерін қолданамыз. Мұндай тест АИТВ-ға қарсы антиденелерді ғана емес, сонымен қатар вирустық протеин p24 антигенін де анықтауға қабілетті. Зерттеу қан немесе ауыз қуысы сұйықтығын қолдану арқылы жасалады. Тұрғындар экспресс-тесттерді ЖИТС орталығында, аутрич-қызметкерлерден, үкіметтік емес ұйымдардан ала алады. Қазір экспресс-тестті онлайн тапсырыспен дәріханалардан, постоматтар  арқылы алуға да болады. Тест өте сезімтал болғандықтан, жұқтырғаннан кейінгі екі аптада нәтижесін көрсетеді. Егер тест оң нәтиже көрсетсе, ары қарай зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Ауруды ертерек анықтап, емді дереу бастаса, нәтижесі де жоғары болады, - деді Марина Жеголко.

 

Бас дәрігер  тәуекел тобына жататындарға арналған профилактикалық шаралар туралы ескертті.

 
- Біз тәуекел тобына жататындарға, сондай-ақ ЖИТС жұқтырған адаммен тұрып жатқан, бірақ өз нәтижесі теріс адамдарға дерттің алдын алуға арналған спецификалық препараттар тағайындап, көмектесеміз. Бұл әдіс барлық өркениетті елдерде қолданылады, - деп толықтырды Марина  Владимировна.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу