Шығысқазақстандық оқушылар республикалық олимпиададан жүлделі оралды
Алғашқы ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадада облыстың намысын қорғаған 4 оқушы үздіктер қатарынан көрінді.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған I республикалық олимпиада 22-25 қаңтары күндері Астана қаласында өткен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Олимпиаданың мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау.
Бәсі биік білім додасында сынға түсіп, жүлделі орынды қанжығалаған 2 оқушыға жоғарғы оқу орындарының гранты берілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Мұратова Аяужан І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен марапатталып, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің грантын иеленді.
Катонқарағай ауданы, С. Ластаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталып, Шәкәрім университетінің гранты берілді.
Дәл осындай ІІ дәрежелі дипломмен Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Жандосұлы Сырым марапатталды.
Ал, ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальға Самар ауданы, №1 Самар орта мектебінің 10-сынып оқушысы Степанова Виталина - Самар ауданы, №1 Самар орта мектебінің 10-сынып оқушысы ие болды.
Сондай-ақ, ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы Күршім ауданы, №1 Марқакөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерденқызы Еркеназға берілді.