KZ
Өскемен
+5°
плотный туман Штиль
520.48 574.61 6.06

ШҚО-ның оқушылары «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды

19.01.2024, 11:35 159

2024 жылдың 15-18 қаңтары күндері өңір оқушылары Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған I республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жүлдемен оралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ғылыми-әдістемелік «Дарын»  орталығының ақпараты бойынша, олимпиада екі айналымнан тұрды: теориялық және тәжірибелік.

Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жетістіктер қоржыны 8 медальмен толықты.

І дәрежелі диплом және алтын медальмен:

Глубокое ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Владислав Чугунов;

Күршім ауданы №3 гимназиясының 11- сынып оқушысы Арман Бағданов.

ІІ дәрежелі диплом мен және күміс медальмен:

Ұлан ауданы Қ.Құдагелдинов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Дильназ Әділбекқызы;

Глубокое ауданы Верх-Березовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Илья Петров;

Шемонаиха ауданы И.Астафьев атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Владислав Лисаченко.

ІІІ дәрежелі диплом және қола медальмен:

Ұлан ауданы С.Аманжолов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Маржан Жұмабек;

Зайсан ауданы Шілікті орта мектебінің 9-сынып оқушысы  Жанерке Шегенова;

Зайсан ауданы Қазақстан орта мектебінің 11-сынып оқушысы  Дана Қажықан.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Тарбағатай ауданы Жетіарал мектеп-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы Еркенұр Байдуллаева марапатталды.

Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 11-сынып оқушысы Арман Бағдановқа С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің гранты берілді.

Зайсан ауданы Қазақстан орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дана Қажықанға Астана Халықаралық университетінің гранты берілді.

- Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймын! Жоғары жетістіктер мен табыс тілеймін!, - деді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ғылыми-әдістемелік «Дарын»  орталығының директоры Гаухар Рахымжанова.       

                                                   

                                                                    Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу