Алтай ауданының оқушылары «қыз ұзату» салтын көрсетті

Алтай ауданы әкімдігі
№9 орта мектепте той қарсаңында атқарылатын маңызды салт – «Қыз ұзату» рәсімін көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақтың үйлену тойы – кез келген отбасындағы үлкен, айтулы оқиға. Бірақ қазақтың үйлену тойы дүние жүзіндегі әдет-ғұрып бойынша жас жұбайлардың, ата-аналардың, жақын туыстар мен достардың мейрамы ғана емес. Қазақтың үйлену тойы – екі отбасының туыстық байланыс арқылы қосылуы. Сондықтан қазақтың үйлену тойында қатаң сақталуы тиіс сан алуан ғұрыптар мен дәстүрлер бар.
Үйлену тойының бұл элементі үлкен үйлену тойына дайындық кезінде міндетті болып табылады. Ол екі қазақ отбасының бірігуін білдіреді. Қыз ұзату соңында «Сыңсу» қоштасу әні шырқалды. Оны ұзатылар қыздың өзі айтқан. Келін өз шаңырағына қарамай, болашағына үмітпен қарауы керек. Маңызды рәсім қазіргі Қазақстандағы отбасы институтын нығайтады.