ШҚО-да 6 адамды кене шақты
Фото: ru.freepik.com
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, өңірде адамдарды кене шағудың алғашқы жағдайлары тіркеле бастады.
Сәуірдің бірінен бастап, яғни эпидемиялық маусым басталғалы бері облыста 6 адам кенеден зардап шекті. Оның ішінде Өскеменде 5, Катонқарағай ауданында 1 адам, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Кене шаққан адамдар ауруханада дәрігерлерге қаралып, барлығына профилактикалық мақсатта иммуноглобулин егілді. Қазір аймақтағы медициналық ұйымдарда иммуноглобулиннің қоры жеткілікті мөлшерде, – дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Айта кетейік, ШҚО – елімізде кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары аймақтардың бірі. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе көп.
Оқи отырыңыз