KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да биыл 47 адамды кене шақты

14.04.2022, 12:37 178

Облыстың эндемиялық аумақтарында 47 адамды кене шағып, ауруханаға жүгінген.  Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 16.

ШҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратаментінің мамандары облыс аумағында кене инфекциясымен ауыру жағдайлары тіркелмегенін айтады.

- Көп жылдық эпидемиологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей ШҚО-да аурудың алғашқы жағдайлары мамыр айынан бастап тіркеледі. Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 34 адам алды. Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самар аумағы ), Ұлан, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив