KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
505.17 599.54 6.59

Алтай ауданында балық аулап жүрген адам суға батып кетті

ШҚО ТЖД

14.04.2024, 13:00 335 Назерке Каримова

14 сәуірде Кремнюха ауылынан 10 шақырым жерде Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті.

Белгілі болғандай, ол бұрын орнатылған балық аулау торларын тексеру кезінде қайықтан суға құлап қалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Үстінде құтқару жилеті  болмаған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - ТЖД сүңгуірлер 1983 жылғы азаматтың денесіп тауып, судан шығарды.


ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, балық аулауға барғанда құтқару кеудешесін киюді ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу