Алтай ауданында 27 жастағы ер адам суға кетті
Қайғылы оқиға Алтай ауданының Крестовка ауылының маңында болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
27 жастағы ер адам тыйым салынған жерде суға шомылып жүрген екен. Оның суға батып кеткенін көріп қалғандар бірден көмек шақыртады.
Іздеу жұмыстарымен Алтай ауданының жедел құтқару жасағының 8-ші бөлімінің қызметкерлері айналысты. Сүңгуірлер мәйітті 40 минуттан кейін тауып алды.
Жалпы аудан аумағында шомылу маусымының басынан бері Бұқтырма суқоймасында үш адам суға кетті.
Оқи отырыңыз