KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Қауіпсіз терезе: ШҚО құтқарушылары ерекше акция өткізді

3.05.2024, 15:01 126 Ержан Әбіш

Былтыр ШҚО-да балалардың терезеден құлауының 8 жағдайы тіркелді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ШҚО ТЖД және Өскемен қаласы ТЖБ құтқарушылары арнайы акция өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көпбалалы отбасылар тұратын пәтерлердің терезелеріне арнайы қорғаныс құрылғылары – шектеуші тростар  орнатылды. Оларды сатып алуға «Za Oknami_Oskemen» фирмасы көмектескен.

– Қайғылы оқиғалардың басты себебі – балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы, – дейді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.

ШҚО ТЖД психологы Светлана Андрусенконың айтуынша, көптеген ата-аналардың өздері балаларды терезеден қарауға, көшені, құстарды көрсету үшін терезе жақтауына шығуға, әкесіне қол бұлғауға үйретеді, бұл дұрыс емес.

ТЖД ескертеді:

- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз.

- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз.

- Терезелерде арнайы қорғаныс құрылғылары болуы керек.

- Терезені бала аша алмайтындай етіп мықтап жауып жүріңіз.

- Баланы терезе жақтауына шығуға, терезеден сыртқа қарауға үйретпеңіз.

- Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

- Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.

- Төтенше жағдай туындаса, құтқару қызметіне 112, 101 телефондары бойынша қоңырау шалыңыз.

Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив