Сәбилер неге көктем мен жазда құлайды?
Көктем – жаз маусымы басталысымен терезеден құлаған балалардың өлімі мен жарақаттану жағдайлары тіркеледі.
ШҚО ТЖД мамандарының талдауынша, 2021-2023 жылдар аралығында облыс аумағында осындай 5 жағдай тіркелген. Балалар қауіпсіздігі – тікелей өзіміздің қамқорлығымызда болу керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Нақты фактілерге сүйенсек, ағымдағы жылы 27 қаңтарда Риддерде 5 қабатты тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалған екі жасар пәтер иесінің ұлы үшінші қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, құлаған балалардың жасы 1 жастан 3 жасқа дейін (5 бала). Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – балаларды қараусыз қалдыру және терезелерде ашуға қарсы қорғаныс құралдарының болмауы.
– Балаларға қатысты жағдайлар ата-аналар үлкен балаларына кішілеріне қарауды тапсырған кезде де болады. Сонымен қатар тіпті бес жасар бала "үлкені" болып саналады да, оған бір жасар балаларды бақылау тапсырылады. Бұл дұрыс емес. Үлкен бала да бала және ол ересектер сияқты жауапкершілікті көтере алмайды. Ата-аналардың шекараны белгілемеу және биіктік қауіпті деп айтпау қателігі. Аналар кішкентай балаларын көшеге, құстарға, көліктерге қарасын, әкесі үйге келе жатқанда қол бұлғасын деп терезе алдына өздері отырғызып үйретеді. Өкінішке орай, бала бұл жердің оған қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді, – дейді ШҚО ТЖД психологы Светлана Андрусенко.
Сондықтан терезені мұқият бекіткен абзал.
Сонымен бірге ШҚО ТЖД еске салады:
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- балалар бар пәтерде терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
- бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
- баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз;
- баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіздің жоқ кезде қайталауы мүмкін
- балаларға ересектердің сүйемелдеуінсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;
- естеріңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды. Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 телефоны бойынша қоңырау шалыңыздар!