KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Құтқарушылар қаладағы үйлердің терезелеріне арнайы құрылғы орнатты – Өскемен

12.05.2023, 16:29 298

Балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында Өскемен қалалық ТЖБ және ШҚО ТЖД құтқарушылары арнайы акция өткізді.

«Тоқта, балақай!» атты арнайы акция шеңберінде мамандар көпқабатты үйлердің терезелеріне қорғаныс құрылғыларын орнатты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Әл-Фараби көшесіндегі отбасында 6 бала бар. 9-қабаттағы пәтердің терезесіне біз орнатқан арнайы құлыптар жазатайым оқиғалардан қорғайды және сенімді тосқауыл болады, – деді Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері Асылан Қапаев.

Ал психолог жазатайым оқиғаға ата-аналардың әрекеті де себеп болады дейді.

– Қайғылы оқиғалардың басты себебі – балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы және ата-аналардың өздері балаларға терезеден далаға қарауды үйретіп, табиғатты, құстарды көрсету үшін терезе алдындағы тақтайшаға шығарады, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД психологы Светлана Андрусенко.

Құтқарушылар осы акция арқылы тұрғындарды балалар қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді түсініп, оның алдын алуға шақырды.

ШҚО ТЖД  үйде бала болған кезде терезелерді ашық қалдырмау керектігін, терезе тұтқасын бала өзі ашып ала алмайтындай етіп құлыптау керектігін еске салады. Сонымен қатар терезе оңай ашылмауы үшін арнайы қорғаныс механизмін орнатқан жөн. Бала терезеге шықпау үшін жиһаздарды терезеден алыс қою керек. Мамандар балаға терезе алдындағы тақтайшаға шығуды үйретпеу керектігін де ескертті. Балаларды қараусыз қалдырмау, балконға, терезеге шықпауын қадағалау маңызды. ШҚО ТЖД москит торы баланы құлаудан құтқармайтынын да ескертеді.

Төтенше жағдай кезінде «112» телефон нөміріне хабарлау керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив