KZ
Өскемен
+14°
гроза жел 9 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

ШҚО-да үй өрттері көбейіп отыр

3.05.2024, 19:24 184 Ержан Әбіш

ШҚО-да өткен жылыту маусымында тұрғын үйлердегі өрттер былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,7 пайызға артқан. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

137 өрт жер үйлерде болған, бұл – тұрғын үй секторындағы өрттердің 44%-ы.

– Өрттердің басты себептері – мас күйде төсекте жатып темекі шегу, электр жабдықтарын, пештерді дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы, – деді журналистермен өткен брифингте ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

ШҚО ТЖД қызметкерлері 262 мыңнан астам үйді аралап, өрт қауіпсіздігіне қатысты 50 913 бұзушылықты анықтаған. Оның 19 228-і  бірден жойылыпты.

Сонымен қатар құтқарушылар әлеуметтік жағынан осал отбасылар тұратын 3574 пешпен жылытылатын үйге газ датчиктерін орнатып шыққан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу